Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қызметкерлер мен тұрғындарды вакциналау

Бүгінгі таңда барлығы 10000-нан астам қызметкерге және өңірлердің тұрғындарына екпе егілді. Қалаларда кезекті болдырмау үшін қосымша кабинеттер ашылды. «Вакциналау қарқыны өсуде. Егер адамдар бұрын екпеден сақ болған болса, қазір екпеге келетін адам саны көп. Екпе егілмес бұрын әр науқас медициналық тексеруден өтеді. Әрине, медициналық бас тартулар да болып тұрады» Компания барлығы 45 000 доза вакцина сатып алды, оның 30 000-ы тұрғындарды тегін вакциналауға жұмсалады. Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. «Бұл вакцина өзін жақсы көрсетті, ол консерванттарсыз. Оның құрамына әр эпидемиологиялық маусымда айналымға түсетін тұмаудың белгілі штамдары кіреді. Вакциналау күзгі-қысқы кезеңде иммунитет береді және ЖРВИ ауруларының жағымсыз салдарын айтарлықтай азайтады» Вакциналауды 15 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда.