Жезқазғанда қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы басталды
06.03.2025
ҚР Энергетика вице-министрі
Сұңғат Есімхановтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру өңірдің энергетикалық жүйесін
дамытудағы маңызды қадам болмақ. Отын
ретінде «Сарыарқа» газ құбыры арқылы жеткізілетін табиғи газ пайдаланылады, бұл
зиянды заттардың шығарылуын айтарлықтай азайтады және экологиялық жағдайды
жақсартады. «Kazakhmys Energy» ЖШС бас
директоры Темірлан Өтегенов бу-газ қондырғысының іске қосылуы өңірді қосымша 75
МВт қуатпен қамтамасыз етіп, энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыратынын
айтты және 80-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін баяндады.
Нысанды пайдаланудан түсетін жылдық салық түсімі шамамен 2,3 млрд теңгені
құрайды. Құрылыстың аяқталуы 2027
жылға жоспарланған. Жоба Қазақмыстың экологиялық таза технологияларға көшу және
өнеркәсіптің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту стратегиясының бір бөлігі
болып табылады.



