Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Сәтбаевта жаңа стоматологиялық кабинет ашылды

Кабинет медико-санитарлық бөлімнің ғимаратында орналасқан (Жандосов көшесі 4, 3-қабат). Ол еуропалық Diplomat Dental Solutions қондырғысымен, заманауи рентген аппаратымен және сенімді стерилизатормен жабдықталған. Қабылдауды Алматыдан арнайы шақырылған, 36 жылдық тәжірибесі бар тіс дәрігері Мардан Аутанұлы Баринов жүргізеді. Қызмет ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша да, ақылы негізде де қолжетімді. Мұнда 7 жастағы және одан асқан балалар мен ересектерге аурудың алдын-алу мен емдеуден бастап, Airflow кәсіби тазартуға дейінгі қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Кабинет күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жазылу үшін 9080 нөмірі бойынша call-орталыққа немесе тіркеу бөлімінің телефонына: +7 771 780 04 62 қоңырау шалуға болады. Біз өзіміз қызмет ететін өңірлерде халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жайлы жағдай жасауды одан әрі жалғастырамыз.