Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыста үздік электргазбен дәнекерлеушілер анықталды

«Қазақмыс» компаниясының Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасында электргазбен дәнекерлеушілер арасында байқау өтті. Оған тәжірибелі шеберлермен қатар жас жұмысшылар да қатысты.

Қатысушылар еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша теориялық сынақтан өтіп, кейін шынайы өндірістік жағдайға барынша жақын ортада өздерінің тәжірибелік дағдысын көрсетуге тиіс болды.

Қазылар алқасы дәнекерлеу жұмысының сапасын, орындау дәлдігін және технологиялық талаптың сақталуын бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Мұндай жарыс жұмыскерлердің біліктілігін арттырып қана қоймай, қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, тәжірибе алмасуға ықпал етеді және жұмысшы мамандықтарының беделін көтереді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және кәсіби табыс тілейміз!