Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қарағандыда «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» жұмыскерлеріне арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік форумы өтті

«Қазақмыс» Тобының Қауіпсіздік жылы аясында Қарағанды қаласында «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС (КМС) жұмыскерлеріне арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік форумы өтті. Жиында өндірістік жарақаттануды азайту, тау-кен жабдықтарын жөндеу кезінде қауіпті жағдайдың алдын алу және жұмыстың қауіпсіздігін арттыру шаралары талқыланды.

Форумға компания басшылары, кәсіпорын директорлары, учаске басшылары мен бригадирлер қатысты. Жұмыс орындарын дайындау, жұмыс басталар алдында тәуекелдерді бағалау және өндірістік бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Практикалық бөлімде қатысушылар өндірістік жағдайды талдап, соңғы екі жылда орын алған оқиғаларға сараптама жасады. Талдау нәтижесінде оқыс жағдайдың қайталануына жол бермеу мақсатында бригадалар, учаскелер және кәсіпорындар деңгейінде жүзеге асырылатын шара ұсынылды.

Форумның басты нәтижесі – КМС-те өндірістік тәуекелдерді төмендетуге бағытталған жоспар жобасын әзірлеу болды. Құжатта өндірістік учаскелерде жедел түрде қабылданатын шаралармен қатар жұмыс үдерісін ұйымдастыруды жетілдіруге арналған ұзақ мерзімді шешімдер қарастырылған.

Алдағы екі аптада жоспар нақты іс-шаралар, оларды іске асыру мерзімі, жауапты тұлғалар және тиімділікті бағалаудың өлшенетін көрсеткіштері айқындалып, толықтырылады. Бұдан кейін құжат компания басшылығына ұсынылады.

Форум барысында қауіпсіздік үшін әр жұмыскердің жеке жауапкершілігіне және қауіпті жағдай анықталған кезде тәуекел толық жойылғанға дейін жұмысты дер кезінде тоқтатудың маңыздылығына ерекше басымдық берілді.

Қауіпсіздік жылы аясында осындай іс-шараларды өткізу өндірістік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге, жарақаттанудың алдын алуға және «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.