Құрметті отандастар!
9 мамыр – жүрекке мақтаныш пен алғыс сезімін ұялататын ерекше күн. Бұл күні біз бейбіт өмір мен еркіндікті қорғап қалған, асқан батылдық пен табандылық көрсеткен қаһармандардың ерлігін құрметпен еске аламыз.
«Қазақмыс» компаниясы соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Жеңіске үлес қосқан жандарға шын жүректен алғыс білдіреді. Біз ерлікпен қаза тапқан ерлердің рухына тағзым етіп, баршамызға жарқын болашақ сыйлаған адамдарға ризашылығымызды білдіреміз.
Біз жауапкершілік пен адал еңбектің ізгі дәстүрін жалғастыра отырып, бейбіт өмірді, ынтымақ пен өзара сыйластықты сақтау қаншалықты маңызды екенін терең түсінеміз. Жеңіс сыйлаған буынның ерлігі бізге бағыт-бағдар беріп қана қоймай күш-қуаттың қайнар көзі болып қала береді.
Бұл күн ұрпақ сабақтастығын нығайтып, бейбіт өмірдің, өзара қолдаудың және еліміздің болашағына деген жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін еске салады. Ерлік рухы жүрегімізде мәңгі сақталып, игі істерге жетелей берсін.
Баршаңызға мықты денсаулық, молшылық, бейбіт өмір және ертеңгі күнге деген нық сенім тілейміз. Әр шаңыраққа жылулық, қамқорлық пен татулық орнасын.
Мерекелеріңізбен! Жеңіс күні құтты болсын!
Құрметпен,
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
Басқарма төрағасы
Руслан Өскенәлі



