Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Медициналық жабдықтарды ауруханаларға беру

«Қазақмыс» корпорациясы Қарағанды облысының ауруханаларына медициналық жабдықтарды сатып алуға көмек көрсету бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды жалғастыруда. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы коронавируспен күрес бойынша бірлескен іс-шаралар туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларының медициналық мекемелеріне 10 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді. Үшеуі Балқаш қаласының Орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне, жетеуі Жезқазған және Сәтбаев ауруханаларына жеткізілді. Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты – бұл қанды оттегімен қанықтыру және өкпеден көмірқышқыл газын шығару мақсатында газ қоспасын (оттегі және сығылған, құрғатылған ауа) өкпеге мәжбүрлі түрде жеткізуге арналған медициналық жабдық.