Қазақмыс 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні нәзік жанды аруларды құттықтайды!
04.03.2022
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Қазақмыс нәзік жандарға адал еңбегі, компаниямыздың дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді. Компания басшылығы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Қазақмыс" Тобы компанияларының барлық еңбеккерлеріне 30 мың теңге көлемінде біржолғы сыйақы төлеу туралы шешім қабылдағанын хабарлаймыз! Ең шынайы құттықтаулар мен денсаулық, отбасылық амандық және жақсы көңіл-күй тілектерін қабыл алыңыз! Мейірімділік, даналық және шыдамдылық үшін рахмет! "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары А. П. Гайдин



