Құрметті Қазақмыс компаниялар тобының қызметкерлері!
29.04.2022
Құрметті
Қазақмыс компаниялар тобының қызметкерлері! Еліміз 1
мамырда атап өтетін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі еліміздің
тарихи ерекшелігі — оның көпұлтты құрамын, бейбіт өмір мен республиканы
мекендеген түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен ынтымағын, даму бағытын
көрсетеді. Соның басты дәлелі – біздің үлкен компаниямыз!
Қазақмыстың кәсіпорындарында әртүрлі ұлт пен дін өкілдері еңбек етуде.
Бұл бізге бір үлкен тату отбасы болуға және өз отбастарымыздың,
корпорациямыздың және жалпы еліміздің игілігі үшін бірлікте еңбек етуге кедергі
келтірмейді. Компания
басшылығы көпұлтты ұжымның барлық қызметкерлерінің өзара түсіністік пен бір-біріне деген құрметіне негізделген қарым-қатынастарды жан-жақты
қолдайды және дамытады. 2022 жылдың бірінші тоқсаны жақсы нәтижелердің көрсеткіші
болды. Биылғы жылы біз неғұрлым жоғары межеге қолжеткіздікқ және алдағы уақытта өз қызметкерлеріміз бен
өңірлердің барша халқын өндірісте де, әлеуметтік қолдауда да алға қойылған
міндеттерді орындауға бағыт ұстаймыз. Мен барлық
компания қызметкерлеріне еңбексүйгіштігі,
сенімділігі мен жоғары кәсібилігі үшін алғыс айтамын.
Қазақмыстың барлық жетістіктері мен табыстары сіздердің ұйымшылдықтарыңыздың нәтижесі. Тәуелсіз Қазақстан баршаңыздың тату да бірлігі жарасқан ортақ Отандарыңыз
екенін мақтан тұтыңыздар! Мерекелеріңізбен, әріптестер! Құрметпен, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин.



