Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті геологты еске алу

Николай Григорьевич өзінің кәсіби еңбек жолын 1971 жылы «Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)» ЖШС-нің болжау және аудит жұмысы басқармасының техник-геологынан бастап  жетекші геологына дейін жетті.  Геологиялық зерттеулерге елеулі үлес қосып, Нұрқазған кен орнын ашты. Николай Чертилиннің кәсіби жетістіктері  елеусіз қалған жоқ. Ол мемлекеттік наградалармен, соның ішінде 1986 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Чертилин Николай Григорьевич біздің жадымызда ерекше тұлға, кәсіби және білікті басшы ретінде қалады. Оның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.  «Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері