Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» қызметкерлері қауіпсіздікті таңдайды

 «Қауіпсіздік сағатында» Топтың барлық кәсіпорындарының басшылары бас қосып, жарақаттануды азайту, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйесін басқару бойынша 2020 жылы қол жеткізген нәтижелерді талқылайтын болады. Бұл саланы дамытуда Қазақмыстың серіктесі ретінде «DuPont Sustensive Solutions» халықаралық компаниясы әрекет етеді. Іс-шараға қатысушылар өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды қорытындылайды, алаңдарда тиімді өзгерістер енгізген озық тәжірибелермен таныстырады, сондай-ақ 2021 жылға арналған қауіпсіздікті арттыру стратегиясын және жарақаттардың нөлдік деңгейіне жетудегі алдағы қадамдарды талқылайтын болады. Ағымдағы жылы «Қазақмыс» тобында 1000-нан астам қауіп азайтып, 2000-нан астам қызметкер қауіпсіздік жүйесін басқарудың жаңа тәсілдерін оқып үйренгенін де атап өткен жөн. «Қауіпсіздік сағаты» барысында Топ кәсіпорындарының қызметкерлері арасында өткізілген арнайы конкурстың нәтижелері де белгілі болады. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бастамалары ең үздік деп танылған, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуға үлес қосып, қазылар алқасы тарапынан ең жоғары бағаға ие болған 30-дан астам үздік қызметкер марапатқа ие болады. Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу үшін аталмыш шара онлайн режимде өтеді.