Үлкен құрылыстың аяқталуы
03.05.2023
Ауа беру ұңғысын жасақтау
жұмыстары 2019 жылы басталды. Жыланды кенішін дамытудың стратегиялық жоспары
шеңберінде жобаны іске асыру үшін «Башқұрт шахталық бұрғылау басқармасы»
компаниясы тартылған болатын. Айта кету керек, бұл компанияда негізінен
Жезқазған мен Сәтбаевтың қызметкерлері жұмыс істейді. Құрылысшылардың міндеті
ауқымды болды – диаметрі 9,3 метр және тереңдігі 637 метр болатын оқпан қазу. 2023 жылдың сәуірінде
«ауа беру-ұңғысы» оқпанының құрылысы сәтті аяқталды. Осы жылдың мамыр айынан
бастап оқпанды тұрақты пайдалану кезеңіне жарақтандыру жұмыстары басталды. Осы объектіні іске қосу
жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде Ұлытау облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.



