Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

4 экскаватордан, 5 шөміш тиегіштен, 4 самосвалдан және басқа да қажетті арнайы техникадан тұратын машина-көлік паркі су басудың аса қауіпті учаскелеріне жіберілді. Олар Жезқазған, Балқаш және Қарағандыда жұмыс істейтін Қазақмыс бөлімшелерінен жиналды. Барлық техника Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың уақытша иелігіне берілетін болады. Сондай-ақ «Қазақмыс» компаниялар тобымен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жақын арада жіберіледі. Бұған дейін KAZ Minerals Тобы мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және Қазақстанның бірқатар өңірлерінде табиғи апаттың салдарын жою үшін 800 миллион теңге бөлген болатын.