Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» атынан әлеуметтік қолдау

Әдетте, КВИ-мен ауырған және медициналық мекемелерде немесе үйде оқшаулауда карантиндегі қызметкерлерге уақытша еңбекке қабілетсіздігіне сәйкес жәрдемақы төлеу айына 15 АЕК-тен аспайды (еңбекке жарамсыздық парағы бойынша). Алайда, "Қазақмыс Холдинг" ЖШС басшылығы КВИ ауруына байланысты медициналық мекемелерде емделіп жатқан немесе олармен "жақын байланыста болған" сондай-ақ "алыс қарым-қатынаста болған " уақытша үй оқшаулауына  жіберілген қызметкерлерге, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңінде, қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде қосымша ақы төлеуге шешім қабылдады.