Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Сапа қызметі және Сапаны дамыту департаменті ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталды

Сапа менеджменті жүйесін қолдану – қызмет нәтижеленрін жақсартуға бағытталған және тұрақты дамудың берік негізін қамтамасыз ету үшін Сапа қызметі мен Сапаны дамыту департаменті басшылығының стратегиялық шешімі болып табылады.  Жүйе PDCA «жоспары-орындау-тексеру-әрекет ету» циклінің процесстік тәсілін қолдануға негізделген және үздіксіз жақсартуға көзделген. Сапа менеджменті жүйесі процестердің тиімділігін бағалау, ішкі аудиттер, басшылық тарапынан сапа менеджменті жүйесін талдау, тұтынушылардың қанағаттануын бағалау сияқты әр-түрлі мониторинг инструменттерін қолдана отырып, сәйкессіздіктерді анықтап және олардың себептерін жоюға мүмкіндік береді. Жүйенің маңызды артықшылықтарының бірі - сапа саласындағы алға қойылған мақсаттарға жетуде персоналдың қатысы.