Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

\"Жомарт\" кенішіндегі жағдай бойынша ақпаратқа қатысты

Әлеуметтік желілерде "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішінің әкімшілігі кәсіпорында COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы бақыланбаған, яғни карантиндік талаптардың бұзылуына жол берілген деп айтылған, атап айтқанда, бұрынғы вахтадан қалған инфекция жұқтырғандар да, жаңадан келген дені сау қызметкерлер де бірге жұмыс істейді деген ақпарат пайда болды. Осы ақпарат бойынша компания басшылығы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ішкі тексеруді бастады. Аталған фактілер анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай бақылауда, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал тұрақты. "Жомарт" кеніші штаттық режимде жұмыс істейді. Күн сайын "Жомарт" кенішінде кеніш аумағындағы барлық қызметкерлерге, термометрияны қоса алғанда, медициналық бақылау жүргізіледі. Сау және инфекцияланған адамдардың бірге болуына жол берілмейді. Алайда, зертханалардан ПТР - Диагностика нәтижелерін уақтылы алумен белгілі бір қиындықтар бар. Қазіргі уақытта, бүкіл ел бойынша COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша күрделі жағдай байқалады, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. "Қазақмыс Корпорациясы " ЖШС әкімшілігі