«Жомарт» кенішіндегі жағдайға қатысты
02.07.2021
Жұмыс жиналысын
өткізу барысында еңбек ұжымы мүшелерінің келісімімен еңбек ақыны ҚР
қолданыстағы заңнамасына сәйкес бір жарым есе мөлшерде төлеумен вахтаны
08.07.2021 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта «Жомарт»
кеніші штаттық режимде жұмыс істейді, моральдық-психологиялық ахуал тұрақты,
кәсіпорындағы жұмыс тоқтаған жоқ және
кәсіпорын өндірістік тапсырмаларды орындауды жалғастыруда. Вакцинация
мәселесі бойынша компанияның әрбір жұмыскері өз бетінше, саналы және ерікті
түрде вакцина алуға келісу немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аталған
мәселеде жұмыс беруші тарапынан жұмыскерлерге ешқандай қысым жасауға жол
берілмейді. «Қазақмыс
корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары А.П. Гайдин



