Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қызметкерлерді ынталандыру және дамыту процестеріне жаңа көзқарас

Модуль аясында қатысушылар мотивация феноменін және оның ынталандыру процесінен түбегейлі айырмашылықтарын; бағыныштылардың өзіндік мотивтері мен мотивациясын қалай тиімді басқаруға болатындығын білу; сонымен қатар оқыту және өзін-өзі дамыту саласында жұмыс құралдарын алу керектігін анықтауы керек болды. «Маған Қазақмыстың көзқарасы және мұндағы жаттығулардың бір орында тұрмай, дамып, заман ағымына ілесіп жатқаны ұнайды». Кәсіпорынның өз қызметкерлерінің дамуына инвестиция салғаны қуантады. «Шеберлер мектебіне» келетін болсақ, өткен модульдердің тақырыптары біз үшін кәсіби даму тұрғысынан ғана емес, өмірде де пайдалы болады. Оқытудың жоғары ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді. Алдағы уақытта өңірлерге барып зауыттар арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастырған дұрыс», - деп бағдарламаға қатысудан алған әсерімен бөлісті Балқаш байыту зауытының конвертер қожын өңдеу, қоюландыру және сүзу цехының ауысым шебері Бауыржан Бегдербеков. Қазіргі уақытта модульдік бағдарламаның басым бөлігін қатысушылар игеріп үлгерді. Алда оларды басқару мен ұжымдық өзара әрекеттестіктің барлық қыр-сырын қорытындылауға мүмкіндік беретін соңғы төртінші модуль күтіп тұр.