Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жалақының өсуі

«Қазақмыс» Тобы 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап компания жұмыскерлерінің барлық санаттарына жалақыны орташа есеппен алғанда 8,3 пайызға дифференциалды түрде өсіретіні туралы хабарлайды. Шешім ағымдағы инфляциялық процестерге, сонымен қатар негізгі азық-түлік өнімдеріне, азық-түлік емес тауарларға, коммуналдық және басқа да қызмет түрлеріне бағаның өсуіне байланысты қабылданды. «Қазақмыс» – жыл сайын өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жүзеге асыратын саладағы санаулы компаниялардың бірі. Осы бастамалар жұмыскерлерді әлеуметтік және материалдық жағынан қолдауға бағытталған іс-шаралардың жалғасы болып табылады. «Қазақмыстың» жұмысшы кәсіптері жұмыскерлерінің жалақы деңгейі сала бойынша Қазақстандағы ұқсас компаниялар арасында көшбасшылық орынға ие және сол орнында қала бермек. «Қазақмыс» кәсіпорындарында 37 000-нан астам адам еңбек етеді.