Құрметті Қазақмыс қызметкерлері!
08.05.2022
Құрметті Қазақмыс
қызметкерлері! Мамыр
айында біз тарихымыздағы басты мерекелердің бірі – Ұлы Отан соғысындағы Ұлы
Жеңіс күнін тойлаймыз. Бұл мереке бәріміз үшін ерліктің, ұлттың ұлылығының және патриотизмнің
символы болып табылады. Соғыс жылдарында Қарсақбай зауыты майданға әскери
техниканы, Балқаш танк құрылысына қажетті молибден өндіруді қамтамасыз
етті. Майданға аттанған кеншілер,
металлургтер мен байытушылардың орнын
әйелдер мен жасөспірімдер басты. Жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі біздің
жадымызда мәңгі сақталады. Сіздерді Жеңіс
күнімен құттықтаймын! Рухтарыңыз табанды,
дендеріңіз сау, жұмыстарыңыз табысты болсын! Отбастарыңызға амандық пен береке,
ашық аспан тілеймін! Андрей Гайдин, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма
төрағасының бірінші орынбасары.



