Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер! Сіздерді және отбасыларыңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын еске салады. Қарағанды құю және машина жасау зауытында бірлік пен ынтымақты ту еткен ұлт өкілдері тұтастықта еңбек көрігін қыздырып,  табысты тасқындатуда. Ұлты басқа болса да ұраны бір қызметкерлер  біздің компаниямыздың және жалпы еліміздің дамуына үлкен үлес қоса отырып, өндірістік міндеттерді бірлесіп шешеді. Осы мерекеде көпұлтты, бейбіт елде бақытты өмір сүрулеріңізді тілеймін! Құрметпен, «Мейкер» ЖШС Басқарма төрағасы Жәнібек Байғабылов.