Руслан Өскенәлі «Qaragayly Tau-ken ondirisi» ұжымымен кездесу өткізді
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Қарағайлы кентіне жұмыс сапары барысында «Qaragayly Tau-ken ondirisi» филиалының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында өндірістік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпорындардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету, еңбек жағдайын жақсарту және кенттің әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуде Руслан Өскенәлі еңбек ұжымымен тікелей диалог жүргізу компания жұмысының негізгі қағидаттарының бірі екенін атап өтті. Жұмыскерлердің барлық ұсыныстары бейінді құрылымдық бөлімшелерде қаралып, өндірісті дамытуға және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған басқарушылық шешім қабылдауға негіз болады.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту мәселесі болды. Кәсіпорын басшылығы ұсақтау жабдықтары мен қоректендіргіштердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін технологиялық учаскелерді қосалқы және құрамдас бөлшектермен қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыс туралы баяндады. Бұл шаралар жабдықтың пайдалану сенімділігін арттырып, өндірістік үдерістің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Кездесуде Абыз және Ақбастау-Құсмұрын кеніштерінің өндірістік нысандарына ерекше назар аударылды. Талқылау барысында тау-кен жабдығын кезең-кезеңімен жаңарту, тұрмыстық және спорттық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Абыз кенішінде асхана салу мәселелері қаралды. Бұдан бөлек вахталық кенттердің жұмыскерлеріне арналған спорт залды жөндеу және воркаут аймағы бар футбол алаңын салуға қатысты сұрақ күн тәртібіне қойылды.
Қарағайлы кентін одан әрі дамытуға бағытталған жобаларды талқылау кездесудің маңызды тақырыптарының бірі болды. Қарағанды облысының әкімдігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасындағы меморандум аясында 2027 жылы мұнда 150-200 орындық заманауи балабақша салу жоспарлаған. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп болашақ балабақшаға арналған жер телімін таңдау, инженерлік желілерге қосылу нүктелерін айқындау, сондай-ақ техникалық тапсырма мен нысанның тұжырымдамасын әзірлеу жұмысы жүргізілуде.
Компания экологиялық бастамаларды жүзеге асыруды да жалғастыруда. Биыл күзде Қарағайлы байыту фабрикасының аумағында 100 үйеңкі көшетін отырғызу жоспарланған. Бұл өндірістік алаңды абаттандыруға және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстың бір бөлігі болмақ.
Кездесу қорытындысы бойынша Руслан Өскенәлі бейінді құрылымдық бөлімшелерге барлық ұсыныстарды жан-жақты пысықтауды тапсырды. Жобалар өндірістік міндетті, компанияның инвестициялық бағдарламасын және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
«Қазақмыста» еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесу өткізу жұмыскерлердің ұсыныстарына жедел әрекет етуге, өндірісті дамытуға бағытталған тиімді шешім қабылдауға, сондай-ақ еңбек жағдайын жақсартып, компанияға қатысты өңірлерде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті.



