Мереке басталды
13.07.2023
Мереке Алғашқы құрылысшылар алаңында бастау алды. Осы алаңда өткізілген балалар дискотекасы мерекенің бірінші іс шарасы болды. Сонымен қатар, кішкентай жезқазғандықтар би билеп қана қоймай, аниматорлармен ойнап, байқауларға қатыса алды. Stand up танымал әртістері: Алексей Луговскийдің, Жамбыл Күлдеевтің, Айна Мусинаның және басқалардың келуі егде жастағы көрермендерді бей-жай қалдырмады. Бүгінгі күн «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қызметкерлері арасында қазақша күрес жарысынан басталды. Жүлделі орынға елуден астам металлург мамандар өзара таласты. Мерекелік шара мұнымен аяқталмайды. Ол 14 шілдеге дейін жалғасады, ал бүгін кешке жезқазғандықтар симфониялық оркестрдің концертіне және ашық аспан астындағы кинотеатрға шақырылады.



