Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады
29.04.2024
Бағдарламаның мақсаты Балқаш көлінің сұлулығын оң қабылдауға кедергі келтіретін өнеркәсіптік құрылыстардың көрнекі бейнесін жаңарту. Жаңарту аясында қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз уақыт өткізуін қамтамасыз ететін нысандарды тиісті түрге келтіру жоспарланған. Барлық жұмыстарды биыл аяқтау жоспарланып отыр және осы мақсатқа Қазақмыс 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.



