Жезқазған ЖЭО жөндеу жұмыстарына қатысты ақпарат
20.12.2023
Соңғы тәулікте Жезқазған ЖЭО "Қазақмыс Энерджи" ЖШС-де №5 және 6 екі қазандық істен шықты. Кеше сағат 07:55-те бесінші қазандықта жарықшалар пайда болды, ал алтыншы қазандықта сағат 10:15-те түтін сорғышының электр қозғалтқышы жанып кетті. №4 қазандық күрделі жөндеуден кейін профилактикалық жұмыстар үшін 18.12.2023 жылы жоспарлы түрде тоқтатылды. 19.12.23 ж. сағат 20:00-де жөндеу жұмыстары аяқталды, қазандық толтырылып, сағат 21:00- іске қосылды. 20.12.23 ж. сағат 6:00-дегі жағдай бойынша ЖЭО №4 және 5 қазандықтарды жөндеуді аяқтады. Жылу желілерінде температура толығымен қалпына келтірілді. Ауа температурасы -2°С, № 3 жылу магистралі: жоспар бойынша 68, қазіргі уақытта- 70 градус, № 9 жылу магистралі жоспар бойынша 68, қазіргі уақытта 71 градус, Жылу магистралі № 11 жоспар бойынша 68, қазіргі уақытта 72 градус. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, түсіністікпен қарасаңыздар екен.



