«Қазақмыс» Жезқазғанда жаңартылған Металлургтер алаңының эскизін ұсынды
09.10.2023
Жезқазғанның бас алаңын қайта жаңарту корпорация мен облыс
әкімдігі арасында қол қойылған Ұлытау облысын дамыту жөніндегі меморандум
шеңберінде жүргізілуде. Жүргізілетін жұмыстардың жалпы ауданы 0.7 гектарды құрайды,
оның ішінде 5600 шаршы метрге жол жабыны ауыстырылуда. Жаңартылған аумаққа
30-ға жуық сирень ағаштары мен 40 жеміс ағаштары отырғызылатын болады. Сондай-ақ,
алаңда құрғақ субұрқақ салынады. Аумақ жасыл желектермен қоршалып, тамшылатып
суару қарастырылатын болады. Саябаққа 4 ойын алаңын орнату жоспарлануда, олардың екеуі
облыс орталығына жеткізілді. Жобада орындықтар орнату мен жарықтандыру
қарастырылған. Алаңның ортаңғы бөлігінде орнатылған ескерткіш, сондай-ақ жасыл
желектің көп бөлігі сақталады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет
Нұриевтің айтуынша, вандализмнің алдын алу үшін алаңға бейнекамераларға
арналған стендтер орнатылып, полиция пунктін орнату көзделген. Металлургтер алаңын қайта жаңарту ағымдағы жылдың соңына
дейін аяқталады деп жоспарлануда.



