Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» қызметкерлері Кеңгір су қоймасының жағалауын тазартуға қатысты

Жезқазған қаласында өткен жалпы қалалық сенбілікке «Қазақмыс» тобының кәсіпорындары мен құрылымдық бөлімшелерінің 400-ге жуық қызметкері қатысты. Негізгі тазалық жұмыстары Кеңгір су қоймасының жағалау аумағында жүргізілді.



Компания қызметкерлері жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан, пластик пен шыныдан және ірі көлемді қоқыстан тазартты. Жұмыстарға үш тиегіш және төрт «КамАЗ» көліктері жұмылдырылды.

Жұмыс нәтижесінде шамамен 46 тонна қалдық жиналып, аумақтан шығарылды.

Экологиялық бастамаларға қатысу – «Қазақмыс» компаниясының корпоративтік тәжірибесінің бір бөлігі. Кәсіпорын қызметкерлері компания жұмыс істейтін өңірлерде экологиялық акциялар мен аумақтарды тазарту жұмыстарына тұрақты түрде қатысады. Атап айтқанда, бұған дейін Топ қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Кеңгір су қоймасының жағалау аумағын тазартуға қатысты.

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметі жүзеге асырылатын аумақтардың тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған экологиялық бастамаларға қатысуын жалғастырады.