Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді

20 желтоқсан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша жұмыс беруші мен Шатыркөл кенішінің (Жамбыл облысы) еңбек ұжымы арасындағы нәтижелі келіссөздерден кейін тараптар еңбек шарттары бойынша ортақ келісімге келді. Бұған дейін жұмысшылар әріптестерін қолдау мақсатында уақытша жұмысын тоқтатқан болатын. Қазіргі уақытта кеніштегі жұмыс қалыпты жағдайға келтірілді.