Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

2023 жылдың 30 қарашасынан бастап жерасты кеніштеріндегі жұмыс қайта жанданды. Кейбір аудандарда сәйкессіздіктерді жою жалғасуда. Бас инженерлердің төрағалығымен құрылған комиссиялар тау-кен жұмыстарын тексеру және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда, тау-кен қазбаларын қамтамасыз ету, жөндеу және бекіту жұмыстары жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін компания басшылығы тоқтаған кеніштердің ұжымдарына тексерудің барлық уақыты үшін жалақыны толық көлемде есептеу туралы шешім қабылдаған болатын.