Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған ЖЭО-на барды

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС Бас директоры Темірлан Өтегенов жауап бергендей, Жезқазған ЖЭО негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 4,8 млрд теңге бөлінді. Жезқазған ЖЭО-да №11 қазандық агрегатының ағымдағы жөндеуі толығымен орындалған. №4, №8 және №9 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. №10 станция қазандық агрегатын ауыстыру жобасы ҚР энергетика министрлігінің келісімінде. №5, 6, 7 қазандық агрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары және №4 турбоагрегатты күрделі жөндеу жоспарланған. Барлық жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес аяқталады. Сонымен қатар, №6, 7, 8 турбоагрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. Турбина, электр және отын-көлік цехтарының жабдықтары жоспарлы режимде жұмыс істейді. Қоймадағы көмір қоры 243267 тоннаны, мазут қоры - 1600 тоннаны құрайды. «Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ның жалпы дайындығы шамамен 60% құрайды. 2023-2024 жылыту маусымының басында станциядағы жөндеу жұмыстарының көп бөлігі аяқталады.