Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Cardiff University өкілдері геологиялық Kazakhmys Barlau кеңсесіне келді

Ғалым Нұржанов геологиялық барлау саласында жыл сайынғы кадр тапшылығы шамамен 300-400 адамды құрайтынын атап өтті. "Геологиялық барлауды зерделеудің қарқынды өсуін және Қазақстанға инвестициялық компаниялар ағынының ұлғаюын ескере отырып, жақын арада геологтар, тау-кен инженерлері, байытушылар мен металлургтер тапшылығы мәселесі өте өзекті болады", - деп толықтырды Ғалым Нұржанов. Университеттің провосты Рудольф Конрад Аллеманн университеттің геология мамандарын даярлауға жеткілікті ресурстары бар екенін жеткізді. Анықтама: 1883 жылы құрылған Кардифф университеті Ұлыбританияның зерттеу университеттерін біріктіретін беделді "Russell Group" тобына кіреді және экология, инженерия, медицина, құқық және сәулет сияқты салаларда жетекші орынға ие.