Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Кеншілер кубогы

Іріктеу ойындары 4 тамызда басталды. Оларға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған және Сәтбаев өнеркәсіп алаңдарының 15 командасы қатысты. Жарыс Play-off жүйесі бойынша өткізілді, онда командалар бас жүлдеге таласты.  Футболшыларды қолдап, қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтауға компанияның топ-менеджерлері келді. Турнир қорытындысы бойынша бас спорттық кубок – Кеншілер кубогы және 1-орынды цифрландыру қызметінің мамандары иеленді. 2-орынды Жезқазған байыту фабрикасының командасы жеңіп алса, құрметті 3-орынды Шығыс-Жезқазған кенішінің спортшылары иеленді. Ойында Досым Әлиханов, Темірхан Сүлейменов, Тәңірберген Шалабайов және Мәди Зәкіржановтар гол соғып, ерекше көзге түсті. Футбол ойынына қатысқан барлық командалар арнайы марапатталып түрлі кубоктар мен медальдармен сондай-ақ үздік ойыншы, үздік қақпашы, үздік шабуылдаушы, үздік жартылай қорғаушы сынды арнайы марапаттарға ие болды. Мерекелік арнайы кеште үздікерге марапаттары табысталып алғыс айтылды.