Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке еліміздің басты байлығы - әртүрлі мәдениет пен дәстүрдегі және көзқарастағы адамдар арасындағы келісімді, достықты, сондай-ақ өзара сыйластықты білдіреді.

Қазақстан халқының бірлігі — бұл мемлекетіміздің тарихи тірегі ғана емес, күнделікті өмірдегі ортақ еңбек, өзара қолдау және бір-біріне деген жауапкершілік арқылы көрініс табатын құндылық.

«Қазақмыс» үшін бұл қағидат айрықша мәнге ие. Компаниямызда мыңдаған адам, әртүрлі мамандық иелері, сан алуан мәдениет пен өңірдің, сондай-ақ түрлі буынның өкілі еңбек етеді. Ұжымның бірлігі бізге жоғары өндірістік нәтижеге қол жеткізуге, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға және болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік береді. Біз әртүрліміз, алайда бізді ортақ іс, ортақ мақсат және дамуға деген ұмтылыс біріктіреді.

Біздің жұмысымызда өзара құрмет пен қауіпсіздік мәдениеті ерекше рөл атқарады. Сенім, қолдау және бірлік бар жерде кез келген міндетті еңсеріп, үлкен мақсатқа жете алатын мықты команда қалыптасады. Дәл осы бірлік біздің компаниямызды тұрақты әрі сенімді етеді.

Мереке күні баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз, кәсіпке адалдықтарыңыз және «Қазақмыс» компаниясы мен еліміздің дамуына қосып келе жатқан елеулі үлестеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік пен татулық тілеймін. Ұжымның ынтымағы баршамызды жігерлендіріп, даму жолында алға жетелей берсін!

Құрметпен,
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
Басқарма төрағасы
Руслан Өскенәлі