Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлері!

Бұл Ұлық мейрам негізінде атадан жалғасқан  ең жақсы дәстүрлерге деген адалдықты және халықтар арасындағы рухани қауымдастықты, достықты сақтауға деген ұмтылысты дәріптейтін терең мағына жатыр. Көктемгі күн мен түннің теңелу күнінде атап өтілетін бұл ежелгі мереке табиғаттың жанданып,  тіршілік атаулының оянуын бейнелейді, жаратылысқа бейімдеуді сезіндіреді. Бұл күні адамдар бір-біріне ерекше мейірімділік пен ілтипат, жомарттық пен кеңдік танытады. Табиғаттың оянуымен адам да оянады: бізде жаңа идеялар пайда болады, біз жаңа жоспарлар жасаймыз, өмірімізді жақсартуға және компания іскерлігін  тиімдірек етуге тырысамыз. Біздегі әр жетістік Қазақмыс қызметкерлерінің көпұлтты командасының арқасында жүзеге асады. Сіздердің еңбектеріңіздің  арқасында компания  мыс өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып қала береді. Сіздер  прогресс пен жаңа технологиялардың негізін құрып жатырсыздар. Наурыз Сіздердің әрқайсыларыңыз үшін өркендеу, бақыт, береке, табыс әкелсін! Біздің барлық жақсы үміттеріміз бен ұмтылыстарымыз орындалсын! Елімізде мызғымас достық, өзара түсіністік және ашық бейбіт аспан сақталсын! Мереке құтты болсын! «Kazakhmys Holding ЖШС (Қазақмыс Холдингі)» Директорлар кеңесі