Құрметті әйелдер қауымы!
07.03.2024
Сіздер ер адамдармен қатар ел игілігі үшін еңбек
етіп келесіздер. Сіздер біздің компанияның барлық салаларында: геологияда,
энергетикада, металлургияда міндеттеріңізді абыроймен атқарып жатырсыздар.
Сіздердің басым бөлігіңіз шахталар мен кеніштерде жұмыс істеуде. Сіздер ең
күрделі жерде де нәзіктікке, қамқорлыққа және сүйіспеншілікке ие болып
отырсыздар. Сіздерге табандылықтарыңыз бен кәсібиліктеріңіз үшін алғыс
білдіреміз. Өмірдің әр күніне және өз ісіңізге деген махаббатыңыз сарқылмасын.
Сізге, туыстарыңызға және жақындарыңызға қауіпсіз еңбек, денсаулық және амандық
тілейміз! «Kazakhmys
Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС Директорлар кеңесі



