Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс күні құтты болсын!

Біздің компанияның үлкен тарихы бар. Ол 1997 жылы «Жезқазғантүстімет» «Қазамыс Корпорациясы» ашық үлгідегі акционерлік қоғамы болып өзгертілген кезде басталды. Біз кәсіпорындарды жаңғыртып, еңбек жағдайын жақсартып, өндірісті ұлғайта бастадық. Жемісті жұмыс істеген жылдары Қазақмыс Қазақстанның ірі тау-кен металлургиялық компанияларының біріне айналды. Бүгінгі таңда Топ кәсіпорындарында 37000 адам жұмыс істейді. Біз бәріміз үлкен отбасымыз: геологтар мен кеншілер, байытушылар мен металлургтер, энергетиктер мен машина жасаушылар, сондай-ақ, заңгерлер мен есепшілер, дәрігерлер, кадр жөніндегі мамандар және күн сайын бір нәтижеге жұмыс істейтін ондаған маңызды мамандықтар. Біздің Қазақмыс компаниясы  жаһандық нарықта саладағы көшбасшы рөл атқарады. Жинақталған тәжірибе мен прогрессивті технологияларды біртұтас жүйеге біріктіретін он мыңдаған кәсіпқойлардың командасы жасақталды. Біз барлық кәсіптердің қызметкерлеріне құрмет көрсетеміз және олардың біздің компанияның қабырғасында өсуіне үздіксіз мүмкіндіктер жасаймыз. Біз ең жақсы мамандардың бізбен жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз. Қазақмыс күні –баршамыздың бірлігіміздің мерекесі! Біздің кәсіпорындарымыздың барлық қызметкерлеріне және еңбек ардагерлеріне қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге, өндірістің тиімділігін арттыруға және оның көлемін арттыруға мүмкіндік беретін іске жауапкершілікпен қарауға деген ынталары үшін алғыс айтамын. Баршаңызға амандық, табыс және өркендеу тілеймін! Эдуард Огай, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы.