Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыстан жаңа жылдық ғажайыптар

Жаңа жылдық мерекелерде Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қарағанды, Астана және Алматы қалаларынан 1400-ге жуық бала тәтті сыйлықтар алды. Бұл - өндірісте қаза тапқан, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларына ие көпбалалы отбасылардан шыққан қызметкерлердің балалары. Сондай-ақ, жаңа жылдың басталуы қарсаңында «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлері түрлі жастағы 60-тан астам бала тәрбиеленетін «SOS Теміртау Балалар ауылына» сыйлықтармен барды. «Қазақмыс» тобы -  әлеуметтік бағдарланған компания және солай болып қала береді. Сондықтан өндірісті өңірлерде осындай акциялар тұрақты негізде өткізіледі.