Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыстың» параспортшысы Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан мемлекеттік сыйлық алды

Республика күнін атап өту қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына зор үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды. Марапатталғандар қатарында жеңіл атлетикадан республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Айсұлу Сүлейменовада бар. Айсұлу Сүлейменова «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС цифрландыру қызметінің жетекші инженері болып қызмет атқарады. Оның өр мінезі мен жеңіске деген ұмтылысы көпшілікке үлгі болып келеді. Айсұлу волейболды отырып ойнаудан қыздар ұлттық командасының тұрақты мүшесі. Ол 2023 жылы Азия чемпионатында ел намысын қорғады. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Айсұлу Сүлейменова жеңіл атлетикадан ҚР VІ жазғы Паралимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, спорт шебері кандидатының нормативін орындап, 1 орынға ие болды. Қазір ол жеңіл атлетикадан Халықаралық паралимпиада ойындарына дайындалуда. Айсұлу Сүлейменованы лайықты марапатымен құттықтаймыз және одан әрі спорттық және жеке жеңістер тілейміз!