Өтініштен нақты іске дейін: Қазақмыс өндірістік нысандарда интернетке қолжетімділікті кеңейтуде
2026 жылы жаңа басқару командасының келуімен Қазақмыс жұмыскерлердің өтініштерімен жұмыс істеуді күшейтті. Қызметкерлер көтерген мәселелердің бірі — өндірістік нысандардағы жүктелім берілетін кабинеттерде, асхана мен осы мақсатқа арнайы қарастырылған басқа да аймақтарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Өтініштерді қарау нәтижесінде бірден үш өндірістік өңірде Wi-Fi инфрақұрылымын кеңейту туралы шешім қабылданды.

Жоба Жезқазған, Қарағанды және Балқаш өңірлеріндегі 42 нысанды қамтиды. Барлығы 180 Wi-Fi нүктесін орнату жоспарлануда.
Жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілуде. Жекелеген нысандарда, оның ішінде Қажықонған кенішінде, Wi-Fi желісі іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Қалған нысандарда жабдықты жеткізу, монтаждау және іске қосу-баптау жұмысы жүргізілуде.

Сонымен қатар Қазақмыс байланыс операторларымен бірлесіп, мобильді байланыстың қамту аясын жақсарту бағытында жұмыс істеуде. Бірқатар өндірістік нысандарда 4G желісі қолжетімді. Жекелеген аймақтарда, оның ішінде Шығыс Жезқазған және Батыс кенішінде, сигналды күшейту қажет. Осы бағыттағы техникалық шешімдер байланыс операторларымен бірлесіп пысықталуда.

Қалған нысандарға қажетті жабдықты жеткізу 2026 жылғы 30 қазанға дейін, ал монтаждау және іске қосу-баптау жұмысын 30 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған. Жобаның іске асырылуын Цифрландыру қызметі үйлестіреді.
Цифрлық инфрақұрылымды кеңейту жұмыскерлерге арнайы бөлінген аймақтарда интернет пен корпоративтік цифрлық сервистерді тұрақты пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақмыстың жаңа командасы үшін қызметкерлердің өтініштері бойынша нақты шешім қабылдау аса маңызды. Интернетке қолжетімділікті кеңейту — соның бір мысалы. Қызметкерлер көтерген мәселе нақты мерзімі белгіленген инфрақұрылымдық жобаға айналып отыр.




