Саналы таңдау
29.11.2023
Іс-шара аралас форматта
өтті. Осының арқасында,
YouTube арнасындағы трансляциямен
есебінен
қосылған қатысушылардың аудиториясы
да
айтарлықтай көп болды.
Олардың қатарында,
кәсіптік бағдар беруге жауапты мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары,
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бөлімшелерінің инженерлік-техникалық қызметкерлері
атынан жұмыс берушілер қатысты. Оқу семинарының ұйымдастырушылары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС
политехникалық колледжі және Қарағанды облысының білім беруді дамыту мен
оқу-әдістемелік орталығы. ПТК директоры Айгүл Сыздықова алғы сөзінде, барша жиналғандарды Балқаштың алғашқы тазартылмаған
мысының өндірілгеніне 85 жыл толуымен құттықтады. Айтулы тазартылмаған мыс балқымасы
1938 жылы 24 қарашада алынған еді. Бұл күн, Балқаш өңірінде, қала құраушы
кәсіпорынның туған күні болып саналады. Оның даму тарихын төртіші курс студенті, болашақ металлург Жансая
Есімханова баяндады. Есімханованың
баяндамасы Балқаш кен-металлургиялық комбинаты туралы деректі фильмінің
кадрларымен толықтырылды. Мінбеге шыққан БМЗ мыс электролиздеу цехының бас
инженері Дулат Жәкібаев кадр даярлау жүйесіндегі дуалды оқытудың тиімді
тұстарын атап өтті. ПТК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Бектаев «ZhasSkills
Kazakhmys-2023» чемпионатының ережесімен таныстырды. «ZhasSkills
Kazakhmys-2023» мектеп оқушылары арасында
ерте кәсіптік бағдарлау беруге және кәсіптік оқыту негіздеріне бағытталған
чемпионат. Бұл колледжде ағымдағы жылдың желтоқсан айында «WorldSkills»
стандарттары бойынша өтеді. Семинар екі панельдік
секцияда өткен болатын.
Бір алаңда, дөңгелек үстел барысында
мектептер мен колледждердің өзара әрекеттесу мәселелері бойынша жемісті пікір
алмасу болды. Келесі кабинетте, «дүниежүзілік
кафе» форматында, қатысушылар,
еркін атмосферада, оқу
орындары мен кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынас аясында түлектерді жұмысқа
орналастыруға қатысты жұмыс мәселелері мен жағдайлары талқыланды. Семинарда, теориялық оқыту нәтижесінде алған
кәсіби білімдері мен дағдыларын тәжірибемен бекіте отырып, жастарды
мамандық таңдауға жүйелі түрде дайындаудың жаңа әдістері мен құралдарын
белсенді іздеу үрдісі көрініс тапты. Сағадат ДАНЫҚБАЕВ



