КҮЗГІ ТУРНИР
30.09.2021
Алаңға Қарағайлы және Нұрқазған байыту фабрикалары, Нұрқазған кеніші, Қарағанды шахтақұрылысы басқармасы, Қарағанды құю-машина жасау зауыты, жастар көмір разрездері, "Топар бас тарату электр станциясы", жөндеу-монтаждау құрылыс басқармасы, ӨБҚШ-ғы ұжымдарының өкілдері, сондай-ақ "Транко Экспресс" және "Транко Нұра"шықты. Биыл бірінші орынды "Топар бас тарату электр станциясының" футболшылары, екінші орынды Қарағайлы байыту фабрикасының командасы, үшінші орынды Нұрқазған байыту фабрикасының ұжымы иеленді. Ұйымдастырушылар жүлделі орын иегерлеріне кубоктар, медальдар және ақшалай сыйлықтар табыс етті.



