Құрметті әріптес, тәжірибелі металлургті еске алу
31.01.2024
1984 жылы
Жезқазған тау-кен металлургия комбинатында өзінің мансабының басынан бастап
Сұлтан Галеевич жоғары кәсібилік пен өз жұмысына адалдығын көрсетті. Диірмен
машинисінен бастап «Жезқазғантүстімет» ӨБ мыс балқыту зауытының өндіріс
жөніндегі директорына дейін, қойылған міндеттерді сәтті орындап, әрдайым
керемет басшылық және техникалық дағдыларды көрсетіп, әріптестерінің лайықты
құрметіне ие болды. Отандық
өнеркәсіптің дамуына қосқан зор еңбегі мен үлесі үшін ол үш рет Жоғары
мемлекеттік награда – III, II және I дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен
марапатталды. Соңғы жылдары
металлургия және тау-кен өндірісі процестерінің бас маманы ретінде өзінің
білімі мен бай тәжірибесін жас мамандарға беруге тырысты. Сұлтан
Галеевич біздің жүрегімізде әрқашан көмекке келуге дайын сенімді әріптес, дана
кеңесші болып қала береді. Сұлтан
Галеевичтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапаны көтеру
департаментінің басшылығы мен ұжымы



