Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Азаматша Мәдина Досымбекованың «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығына жолдаған өтініші туралы

Қолда бар мәлімет бойынша, зардап шеккен тарап құқық қорғау органдарына шағымданған. Компания өз тарапынан тергеуге жан-жақты қолдау көрсетеді. Қызметкерге қатысты барлық шешім ресми тергеу мен оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілгеннен қабылданады. «Қазақмыс» компаниясы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы және мұндай әрекетке мүлде жол беруге болмайды деп санайды. Қызметкердің кінәсі расталса, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. Біз адам құқығын құрметтеу, заң нормаларын қатаң сақтау және ішкі еңбек тәртібін сақтау қағидаларын берік ұстанамыз.