Ұлытау облысындағы кеніштегі жағдай туралы
18.02.2025
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС трагедияның барлық мән-жайын анықтауда толық көмек көрсетуде. «Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.



