Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» компаниялар тобының кеніштеріндегі жұмыстарды тоқтата тұру туралы

Қызметкерлердің сұрақтарының бір бөлігі сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды. Көтерілген мәселелердің екінші бөлігін орындау заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет. Оларды жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайтын болады. Келіссөздер қорытындысы бойынша кәсіпорындарда жұмыстар жалғастырылды. Шараға қатысқан жұмыскерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.