Медицинада жемқорлыққа жол ЖОҚ
Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік – «Қазақмыс» Тобының негізгі қағидаттарының бірі. Ол компания қызметінің барлық саласына, оның ішінде жұмыскерлерді медициналық сүйемелдеу бағытында да қолданылады.

Біздің ұстанымымыз айқын: әрбір медициналық қорытынды, жұмысқа жіберу туралы шешім немесе сараптамалық комиссияның шешімі тек заң талабына және денсаулық жағдайын объективті бағалау нәтижесіне сүйене отырып қабылдануы тиіс.
Медициналық анықтама алу, медициналық тексеруден өту, дәрігердің қабылдауында болу немесе басқа да медициналық қызмет үшін заңсыз сыйақы алуға жол берілмейді. Мұндай әрекет өндірістегі қауіпсіздікке, қызметкерлердің денсаулығына және медициналық жүйеге деген сенімге нұқсан келтіреді.
Егер сіз медициналық қызмет көрсеткені үшін ақша талап ету немесе «сыйлық» беру жөнінде ишара жасау фактілеріне тап болсаңыз — үнсіз қалмаңыз. Әрбір өтініш мұқият тексеріледі.
SENIM жедел желісі сіздер үшін тәулік бойы, анонимді және құпия түрде жұмыс істейді:
📞 8-800-080-80-89 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)
📧 senim@kazakhmys.kz



