Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жезқазған мен Сәтбаевта Наурыз мейрамы ерекше тойланды

Қатар-қатар тігілген ақ боз үйлер мереке шырайын кіргізді. Сәндері бір - бірінен асқан безендірулер ерекше үйлесімді. Барлық киіз үйде дастархан жайылып наурыз көже, түрлі тағам түрлері ұсынылды. Қала тұрғындары мен кішкентай балалар үшін де арнайы тәтті-дәмділер мен бауырсақтар салынған қалташалар мен құтыға құйылған көже де тегін үлестірілді. Кей жандар мақал -мәтел жарысына қатысса, енді бірі гір тасын көтеріп бақ сынады. Қол күресі мен қой көтеруден де жарысқандар аз болмады. Жүлдеге іліккен барлық жандарға «Қазақмыс» компаниясы логотипі бейнеленген түрлі сыйлықтар берілді.