Наурыз құтты болсын!
19.03.2021
Құрметті әріптестер! Біздің еңбек ұжымымыз – көп ұлт өкілдерінен тұратын бір үлкен отбасы. Пандемиямен байланысты қиындықтарға қарамастан, біз ұйымшылдық пен бір-бірімізге деген қамқорлықтың арқасында компания алдына қойылған міндеттерді орындай алдық. Осы қиын-қыстау кезеңде Қазақмыс өз қызметкерлерін қолдап қана қоймай, әр адамның денсаулығы мен өміріне басымдық бере отырып, коронавируспен күрес бойынша ұлттық бағдарламаға белсенді қатысуда. Бүгін біз Наурыз мейрамын жақсы көрсеткіштермен қарсы алып, еңбектенуді жалғастырып, туған еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосып келеміз. Қажырлы, жемісті еңбектеріңіз үшін барлық Қазақмыс жұмыскерлеріне шексіз алғысымды білдіргім келеді! Биыл карантин шараларының салдарынан Наурыз дәстүрлі халықтық серуендер мен концерттерсіз өтеді. Алайда, кең дастархан басында отбасы ортасында мерекені қарсы алу әрбір жанға өзінің сүйкімділігі мен жылулығын береді. Осы мереке қарсаңындағы күндері әр үйге денсаулық мен бақыт тілеймін! Наурыз жаңа істер мен жаңа жетістіктерге бастасын, әр адамға ілкен табыстарға жетуге сенімділік, өркендеу мен барлық алға қойылған жоспарлардың іске асуына тілектеспін! Наурыз құтты болсын! Құрметпен, «Қазақмыс» Тобының Директорлар кеңесі және компаниялар басшылары



