Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасында персоналды басып кетуден қорғау жүйесі сынақтан өткізілді

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Оңтүстік-Жезқазған кенішінің №65 шахтасында Proximity Alert System персоналды басып кетуден қорғау жүйесі сынақтан сәтті өтті.



Технология өздігінен жүретін жерасты техникасын пайдалану кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Жүйе нақты уақыт режимінде машинаның айналасындағы 50 метрге дейінгі аумақты бақылап, адамдар мен техниканы, стационарлық нысандар мен арнайы белгілерді анықтайды. Қауіпті қашықтық анықталған жағдайда жүйе операторға ескерту жасайды. Ал белгіленген шекті қашықтыққа жеткенде жабдықтың қозғалыс жылдамдығын автоматты түрде төмендетіп, оны толық тоқтатады. Автоматты тоқтату шегі пайдалану жағдайына қарай 2 метрден 10 метрге дейінгі аралықта реттеледі.

L9 деңгейіндегі жүйе шынайы пайдалану жағдайына барынша жақын ортада сынақтан өткізілді. Сынаққа Қазақстан, Оңтүстік Африка Республикасы және Ұлыбританиядан келген мамандар қатысты.

Бұл сынақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің кезекті кезеңі болды. Бұған дейін L8 басып кетуден қорғау жүйесі «Нұрқазған» кенішінде сынақтан сәтті өткен болатын.