Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс кәсіпорындарында аумақты абаттандыру жұмысы жалғасуда

Қазақмыстың өндірістік алаңдарында аумақты абаттандыруға бағытталған іс-шаралар жалғасуда. Бұл жұмысқа Жезқазған, Балқаш, Қарағанды өңірлері мен Жамбыл облысындағы кәсіпорындардың жұмыскерлері атсалысуда.



Іс-шараға 800-ден астам қызметкер қатысты. Аумақты санитарлық тазалау, өндірістік алаңды ретке келтіру, іргелес аумақты абаттандыру және өндірістік инфрақұрылым нысандарының жағдайын жақсарту жұмысы жүргізілді.

Нәтижесінде 38,73 тонна тұрмыстық және өндірістік қалдық жиналып, шығарылды. Бұдан бөлек өндірістік аумақты ретке келтіру, шөп шабу, инфрақұрылым нысандарының элементтерін сырлау және әктеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, жасыл желекке күтім жасау, сондай-ақ аумақты алда атқарылатын жұмысқа дайындау бойынша бірқатар іс тындырылды.

Компанияда өндірістік нысандарда тәртіп сақтау өндірістік мәдениеттің, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызды бөлігі екені атап өтілді.

«Қазақмыс» Тобының кәсіпорындарында абаттандыру жұмысы тұрақты жүргізіледі. Бұл шаралар жұмыскерлер үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға, өндіріс мәдениетін арттыруға және өндірістік инфрақұрылым нысандарын тиісті деңгейде ұстауға бағытталған.